Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында өткізілетін «Мен-кәсіпкермін» онлайн қалалық Гранд турнирінің ЕРЕЖЕСІ

 

 

Бекітемін

____________________________

 Алматы қ. Білім Басқармасының басшысының орынбасары

А.Сайлаубай

«___» __________2024 ж.

 

 

Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында өткізілетін

 «Мен-кәсіпкермін» онлайн қалалық Гранд турнирінің

ЕРЕЖЕСІ

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.    Осы Ереже Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында өткізілетін «Мен-кәсіпкермін» онлайн қалалық Гранд турнирінің (бұдан әрі – Гранд турнир) мақсаттарын, міндеттерін, қатысушылар санатын және өткізу тәртібін айқындайды.

2.    Гранд турнир жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.

3.    Гранд турнирдің міндеттері:

– колледж студенттерінің үздік startup, бизнес-идея, жобаларын іске асыру     мақсатында, олардың базасын құру;

– колледж студенттері үшін конференциялар мен оқу семинарларын өткізу;

– студенттер арасындағы коммуникациялық байланысты дамыту.

4.    Гранд турнир пайда немесе басқа табыс алу мақсатын көздемейді, қауіп элементі жоқ, тек ақпараттық сипатта және осы Гранд турнир Ережесіне сәйкес өткізіледі. Гранд турнирге қатысу үшін төлем алынбайды.

5.    Қалалық Гранд Турнирдің ұйымдастырушылары: Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, «Салалық қауымдастықтар және кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы» ҚБ, Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU), Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі.

6.    Қалалық Гранд Турнирді өткізу мерзімі: 10 – 18 қазан дейін өтінімдер мен жұмыстар 15 қазанға дейін қабылданады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы – 16 қазан. Қазылар алқасы алдында жобаны қорғау 17 қазан, қорғау қорытындысы – 18 қазан. Жеңімпаздар «Мен кәсіпкермін» республикалық Гранд турниріне қатысады.

7.     Өтінімдерді қабылдауға және қалалық Гранд турнирге қатысушыларды тіркеуге жауаптылар: Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі.

 

ГРАНД ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

1.  Гранд турнир Іскерлік экономикалық ойыннан тұрады.

2.  Іскерлік экономикалық ойынға қатысу шарттары

2.1         Қатысушылар: колледж студенттері, 3 адамнан аспайтын колледж командалары.

2.2         Команда жетекшісі ретінде оқу орнының бір өкілі (оқытушы, куратор) тағайындалуы тиіс.

2.3         Іскерлік экономикалық ойын келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

     әлеуметтік кәсіпкерлік;

     сауда;

      қызмет көрсету;

     өндіріс;

     технологиялық кәсіпкерлік (инновациялық жоғары технологиялық идея);

     байланыс және ақпарат; білім беру;

     медицина;

     шоу бизнес және мәдениет;

     туризм;

     экология.

     2.4 Іскерлік экономикалық ойынға қатысу үшін қатысушы немесе команда Canvas стратегиялық жоспарлау құралын қолданып, бизнес жоспарлауда canvas бизнес моделі ретінде ұсынылған бизнес жобаны (1 бет, 1 слайд) (Қосымшасы 1) және жобаны қорғау сәті бейнеленген видеоны дайындап, осы видеоны “YouTube” арнасына орналастыруы қажет (көруге мүмкіндік беретін жасырын немесе жеке режимде жүктеуге болады). Видеоның ұзақтығы үш минуттан аспауы керек.

2.5 Үздік жұмыстар жариялы түрде онлайн немесе оффлайн қорғауға таңдалынады.

2.6 Бизнес жобаны жариялы онлайн қорғауға 10 минут беріледі (бизнес-модельді ұсынуға 5 минут және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 5 минут).

2.7 Колледж командалары әр бағытқа бір жоба болған жағдайда бірнеше бағыт бойынша қатыса алады.

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

               Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жетекшілер әр бағыт бойынша  Білім басқармасының, кәсіпкерлер палатасының және басқа да қоғамдық ұйымдар мен қорлардың мақтау қағаздарымен, дипломдарымен және алғыс хаттарымен, сертификаттарымен марапатталады.

 

            Жауапты тұлғалардың байланыс телефондары:

 

  • Сагалбаева Роза Ергалиевна – 8(707)7153154
  • Зайдун Мухамедали –8(708)3644634
  • Тулегенова Гульнар Темиргалиевна -8(707)3121487
 

Қосымша 1

Бизнес-модель канвасының құрылымы (business model canvas)

Негізгі серіктестерҚызметтің негізгі түрлеріҚұнды ұсынысКлиенттермен қарым-қатынасТұтынушы сегменттері
Негізгі ресурстарӨткізу арналары
Шығындар құрылымыКіріс ағындары