2022 жылдың 12 желтоқсанында 11бс және 13МН топтарының студенттері қатысқан “Тарихи саяхат” зияткерлік ойыны өткізілді. Сценарий бойынша екі команда уақыттарын ауыстырып, Қазақстанның өткенін аралауға мүмкіндік алады, қатысушылар сынақтардан өтіп, Қазақ хандығын нығайту үшін Қасым ханға тапсыратын Қазына алуы тиіс. Ойын турлары арасында оқушыларды ЮНЕСКО тізіміне енгізілген қазақтың материалдық емес мәдени мұрасымен таныстыратын музыкалық үзілістер енгізілді. Барлық қатысушылар күрделілігі артып келе жатқан бірнеше турдан өтуі тиіс:”Маңызды күндер “– Қазақстандағы маңызды күндер мен мерекелерді білуге арналған эстафета; “Жігіт пен жылқы” – сұраққа жауап тауып, оларды салыстыру; “Маршрутты белгілейміз, кеңістік пен уақытта саяхаттаймыз “– картада ежелгі мемлекеттерді анықтау”; “Кім жылдам. Байга “- интеллектуалды эстафета; “Тамерланның қазынасын іздеу” – әр дұрыс жауап үшін командаға Қазына беріледі.