MAB колледжі

Бекітемін ____________

Колледж директоры Хисматуллина А.А.

______ ___________________ 2025 ж.

 

Халықаралық Бизнес академиясының колледжінде бір оқу жылына тегін оқуға арналған “Мега мүмкіндік” байқауының бағдарламасы

 

  1. Байқаудың мақсаты

Мектеп оқушыларына Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінде таңдалған мамандық бойынша бір оқу жылы бойы толық тегін оқуға бірегей мүмкіндік беріледі.

  1. Ұйымдастырушы

Хлықаралық Бизнес Акдемиясының колледжі (Колледж МАБ), Алматы.

  1. Қатысушылар

Байқау Алматы қаласы мен Алматы облысының 9 сынып оқушыларыныа арналған.

  1. Байқаудың өткізілетін мерзімі
  • Қатысушылардың тіркелуі: 21-26 наурыз аралығында МАБ колледжінің сайтында: https://cmab.edu.kz / (“Мега мүмкіндік” батырмасы) немесе Instagram college_mab арқылы.
  • Байқау күні: 27 наурыз сағат 12:30-дан 17:00-ге дейін.
  • Өткізілетін орны: Алматы, Мустафа Өзітүрік көшесі, 5а.
  • Жеңімпаздарды жариялау: 2025 жылдың 07 сәуірі.
  1. Байқау кезеңі:
  • Тіркеу және өтініш беру: Қатысушылар колледж сайтында онлайн өтінімді толтырады және қажетті құжаттарды (жеке куәлік немесе туу туралы куәлік) тіркейді.
  • Бастапқы іріктеу:
    Барлық тіркелген қатысушылар өтінімдер негізінде бастапқы іріктеуден өтеді.
  • Тестілеу:
    Үміткерлер негізгі пәндер бойынша (математика, қазақ/орыс тілі немесе ағылшын тілі) тестілеуден өтеді. Тесттер жазбаша түрде өткізіледі.
  • Сұхбат:
    Үздік үміткерлер сұхбатқа шақырылады, онда мотивация, жеке қасиеттері және оқу қабілеті бағаланады.
  1. Іріктеу критерийлері:
  • Мотивация: қатысушы білім алуға және кәсіби өсуі үшін жоғары мотивация көрсетуі керек.
  • Тестілеу нәтижесі: Қатысушылар негізгі пәндер бойынша жақсы білімдерін көрсетуі керек.
  1. Бас жүлде:
  • Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын топтар үшін бірінші оқу жылына тегін оқыту;
  • Ағылшын тілінде оқытатын топтарға бірінші оқу жылына жеңілдік.

Қосымша марапаттар: Колледждегі курстарға сыйлық сертификаттары, оқу ақысына жеңілдіктер, сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар.

  1. Қатысу шарттары
  • Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек.
  • Қатысушылар оқу орнынан фотосына мөр басылған анықтама алуы керек.