ХБА колледжі

МАБ КОЛЛЕДЖІНДЕ АҚЫЛ-ОЙ КАРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2026 жылғы 16 қаңтарда Халықаралық Бизнес академиясының колледжінде Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша оқытушылар әзірлеген ақыл-ой картасын қорғау өтті. Ұсынылған жұмыстар заманауи педагогикалық идеялардың, цифрлық технологиялардың, жасанды интеллекттің түсінігін және оларды колледждің білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Сол күні оқытушылар үшін колледждердің білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді және басқаруды автоматтандыруға арналған smart nation білім беру платформасымен жұмыс істеу бойынша оқу семинары өткізілді. (College SmartNation)

Іс-шаралар соңында колледж директоры А.А. Хисматуллина мұғалімдерге белсенді еңбегі, кәсіби бастамашылдығы және педагогикалық оқуларға қатысқаны үшін сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Өткізілген іс-шаралар колледждің оқытушылар құрамының кәсіби өсуі мен цифрлық білім беру ортасын дамытуда маңызды кезең болды.