ХБА колледжі

Құрметті мектеп оқушыларының Республикалық кәсіпкерлік олимпиадасының екінші турына қатысушылар!

Екінші турға өткен барлық қатысушылар веб-сайттағы «Жауапты жүктеу» түймесін пайдаланып, 11 наурызды қоса алғанда, өз таңдауы бойынша бір кейсті толтырып, жауаптарын жүктеп салуы керек.
Жауаптар Word немесе Презентация форматында болуы керек.
Екінші турдың нәтижелері сайтта жарияланады.
Құрметпен, Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті!
Ұсынылған кейстердің бірін таңдаңыз:

VIVA сұлулық саланының желісін дамыту

Алматы қаласында 3–5 филиалдан тұратын VIVA сұлулық салондары желісі жұмыс істейді. Салон форматы — бизнес / премиум / қолжетімді люкс.

https://www.instagram.com/vivamega/

https://www.instagram.com/viva_megapark/

Әр салонның ауданы — 150–250 ш.м.

Мақсатты аудитория — табыс деңгейі орташа және ортадан жоғары 23–45 жас аралығындағы әйелдер.

Салондар келесі қызметтерді ұсынады:

  • шаштараз қызметтері;
  • маникюр және педикюр;
  • косметология;
  • визаж.

Компанияның стратегиялық міндеттері:

  1. Алматы қаласында және әлеуметтік желілерде VIVA бренді танымалдылығын арттыру.
  2. Жаңа клиенттер тарту және тұрақты клиенттер үлесін 60%-ға және одан жоғары деңгейге жеткізу.
  3. Орташа чек мөлшерін 15–25%-ға арттыру.
  4. Клиент тартудың жаңа тиімді тәсілдерін әзірлеу.

Олимпиада қатысушыларына тапсырма:

Сіздер — жас кәсіпкерлер мен маркетологтар командасысыздар. VIVA салонының желісін дамыту бойынша стратегиялық міндеттерді шешуге көмектесетін ұсыныстар әзірлеңіздер.

VIVA сұлулық салонын дамытуға арналған идеялар ұсыныңыздар.

5 сұраққа жауап беріңіздер:

  1. Салонды ғаламторда және қала ішінде қалай жарнамалауға болады?
  2. Клиенттердің қайта келуі үшін не істеу керек?
  3. Бір келу барысында клиенттің жұмсайтын қаражатын қалай арттыруға болады?
  4. Клиент тартудың 3–5 жаңа қызықты тәсілін ойлап табыңыз.
  5. Ұсыныстарыңыз салонның табысын неге арттырады — түсіндіріңіз.

Жауапты қысқаша жоспар немесе презентация түрінде ұсынуға болады.

Бағалау критерийлері: креативтілік, шынайылық, қаржылық сауаттылық, логикалық негіздеме.

ХБА колледжіне білім алушыларды тарту жолдары

Алматы қаласында Халықаралық Бизнес Академиясы Колледжі (ХБА) жұмыс істейді. Колледж ақылы білім береді.

Сайт: https://cmab.edu.kz/

Мақсатты аудитория — 15–19 жас аралығындағы жастар.

Қалада 80-нен астам бәсекелес колледж бар, оның ішінде 22 мемлекеттік колледж тегін білім береді. Сондықтан талапкерлердің таңдау мүмкіндігі жоғары.

Олимпиада қатысушыларына тапсырма:

Сіздер — маркетологтар мен кәсіпкерлер командасысыздар. Мақсат — ХБА колледжіне түсетін білім алушылар санын арттыру.

Негізгі мәселелер:

  • Колледжді Алматыда және әлеуметтік желілерде кеңінен таныту.
  • Талапкерлер санын арттыру.
  • Мектеп оқушылары арасында брендтің танымалдылығын күшейту.
  • Құжат тапсыру жүйесін жеңіл әрі ыңғайлы ету.
  • Мектептерде тиімді кәсіптік бағдар беру жүйесін әзірлеу.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Колледжді мектеп оқушылары арасында қалай жарнамалауға болады?
  2. Мектептерде қандай қызықты іс-шаралар өткізуге болады?
  3. Өтініш беру процесін қалай заманауи әрі ыңғайлы етуге болады?
  4. Талапкерлерге қандай акциялар немесе бонустар ұсынуға болады?
  5. Ұсыныстарыңыз білім алушылар санын арттыруға қалай әсер етеді?

Жауапты жоспар, сызба немесе презентация түрінде ұсынуға болады.

Бағалау критерийлері: креативтілік, логикалық, идеялардың шынайылығы және шешімді дәлелдей білу.

Логистика және жеткізу тізбегін басқару

 Компания: «Акнар» компаниялар тобы («Акнар» құс фабрикасы «Акнар ҚФ» ЖШС — бройлер балапандары, сан еті, төс еті; Қарағанды Нан Компаниясы және т.б.)

https://drive.google.com/drive/folders/1ZNDeiTaEyULNFivEuk8TqY4Y_Y5f9SPS?usp=drive_link  (Мұнда презентациялар орналастырылған) «Шынгар Транс» компаниялар тобының құрамына кіреді.

Қызмет бағыты: құс еті, жұмыртқа, жартылай фабрикаттар, бидай ұны және т.б. өндіру. (презентация берілді)

Жеткізу географиясы: Қарағанды, Астана.

Алдағы даму жоспар: Алматы қаласынан зауытты іске қосу.

Олимпиада қатысушыларына тапсырма

Сіздер — маркетологтар мен жас кәсіпкерлер командасысыздар. Мақсаттарыңыз — өнім желісін кеңейту, брендтің танымалдылығын арттыру және болашақта Алматы қаласында зауыт ашуға дайындық жасау.

Шешуге арналған нагізгі тапсырмалар:

  • бренд танымалдылығын арттыру;
  • өнім түрлерін кеңейту;
  • клиенттік базаны ұлғайту және тұрақты сұраныс қалыптастыру;
  • тапсырыс берушіге өнімді жеткізуді жетілдіру.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Компанияны қалай танымал етуге болады? (жарнама, әлеуметтік желі, іс-шараларға қатысу және т.б.)
  2. Компанияның бейнесін қандай етіп қалыптастырғыңыз келеді? (мысалы: заманауи, экологиялық, сенімді, жастарға арналған және т.б.)
  3. Қолданыстағы өнімдерге қандай жаңа өнімдер немесе қызметтер қосуға болады?
  4. Жаңа клиенттерді қалай тартуға болады?
  5. Клиенттер үшін жеткізуді қалай жылдам әрі ыңғайлы етуге болады?

Жауапты жоспар, сызба немесе презентация түрінде жасауға болады.

Бағалау критерийлері: шығармашылық, логикалық, идеялардың шынайылығы және шешімдеріңізді түсіндіре білу.