2023 жылғы 22-23 ақпанда Алматы қаласының лингвистикалық колледжінде V қалалық көп тілді олимпиада өткізілді. Оған қазақ, ағылшын және орыс тілдерін білуге арналған байқаудың жеңімпаздары – Балабаев Ерасыл, 11ПД тобы және Бақытбаев Бекзат, 11пд тобы қатысты. Олимпиада үш турда өтті, оған тестілеу, ауызекі сөйлеу және ағылшын тіліндегі түпнұсқа шығарманы оқу кірді. Біздің студенттер тапсырмаларды өте жақсы орындады және соңғы турдың нәтижелері бойынша Балабаев Ерасыл жеңімпаз атанды, ол екінші орынға ие болды!
Ерасыл мен балаларымызды құттықтаймыз, оларға оқуда табыс және одан әрі жеңістер тілейміз!