Күндізгі
Қазақ
Орыс
10150100 – Туризм
4S10150104 – Туризм менеджері
Ептілік:
– туристерге қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;
– алғашқы медициналық көмек көрсету;
– жұмыс орнын, еңбек мәдениетін және кәсіби этиканы ұйымдастыру ережелерін сақтау;
– туристік жабдықты дұрыс пайдалану;
– Көліктік қызмет көрсету ережелерін сақтау;
– компьютерлік қамтамасыз ету құралдарын және басқа да ұйымдастыру техникасын пайдалану;
– клиенттермен келіссөздер жүргізу;
– өзін-өзі басқару, өз қызметін дұрыс бағалау, біліктілігін арттыру;
– туристік маршруттарды жобалау;
– туристік саяхаттардың әртүрлі түрлерін ұйымдастыру және өткізу;
– туристік өнімді жылжыту бойынша жарнамалық науқандар өткізу;
– іскерлік хат алмасуды жүргізу;
– экскурсиялар әзірлеу және өткізу;
–нормативтік–техникалық құжаттамамен, анықтамалық әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істеу;
– жолдама құнының калькуляциясын жасау;
– туристік бизнес кәсіпорындарының өндірістік қызметін талдау және жоспарлау;
– валютамен және төлем құжаттарымен жүгіну;
– мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде хат-хабар жүргізу және қарым-қатынас жасау;
– құжаттама жасау және рәсімдеу.
Дағдылар:
– турларды қалыптастыру;
– турпакетті қалыптастыру;
– клиенттермен жұмыс;
– тұтынушылардың сұранысын зерттеу;
– турларды жинақтау және қызмет көрсету бағдарламасын құру;
– туристерге қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету;
– туристік өнімді жылжыту әдістерін меңгеру;
– қызмет көрсетушілермен шарттар жасасу;
– туристік өнімнің құнын есептеу;
– туристік құжаттаманы ресімдеу техникасы мен ережелері (туристік жолдамалар, ваучерлер, сақтандыру полистері және т. б.),
– туристік құжаттаманы есепке алу және сақтау;
– клиенттермен келіссөздер жүргізу;
– туристік маршруттарды жобалау;
– туристік саяхаттардың әртүрлі түрлерін ұйымдастыру және өткізу;
– туристік өнімді жылжыту бойынша жарнамалық кампаниялар өткізу..